Нық сенім мен зор жауапкершілік!

Дарынды шәкіртіміздің бірі Мендолла Ерасыл Елдосұлы "Nazarbayev University Foundation" бағдарламасының ресми шақыртуын иеленді! Ерасылдың бойындағы білімге деген терең құштарлық пен мақсатқа ұмтылудағы жоғары жауапкершілігі оны осындай үлкен белеске алып келді. Бұл қуанышты хабар қанатты шәкірттің еңбегін арқалаған ұстаздары мен аялап өсірген ата-анасы үшін зор мақтаныш.

Еңбек пен мақсаттың үйлесімі!

Шәкіртіміз Батай Алихан Ғарифоллаұлы "Nazarbayev University Foundation" бағдарламасының ресми шақырту иегері атанды! Алихан өз еңбегі мен табандылығының арқасында еліміздің ең үздік университетінің есігін ашты. Өз болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтын шәкіртіміздің бұл нәтижесі ұзақ уақыттық еңбек пен мектеп қабырғасындағы үлкен қолдаудың жемісі.

Қуанышты жаңалық!

Оқушымыз Раш Дарын Дарханұлы "Nazarbayev University Foundation" бағдарламасына ресми шақырту алды! Дарынның бұл жетістігі оның білім жолындағы қажымас қайратының, өзіне деген нық сенімінің және тоқтаусыз ізденісінің айқын дәлелі. Мектебіміздің мерейін асырған дарынды шәкіртіміздің бұл нәтижесі ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ата-ана үмітінің ақталуы.

«Педагогикалық триумф – 2026» кеші

2026 жылғы 28 мамыр күні лицейімізде оқу жылының қорытындысына арналған дәстүрлі «Педагогикалық триумф – 2026» марапаттау кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл салтанатты шара ұстаздар мен қызметкерлердің бір жыл бойғы еңбегін бағалап, кәсіби жетістіктерін көпшілік алдында дәріптеуге арналды.

Heriot-Watt University өкілдері мектептің 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді

14.05.2026 ж. күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасындағы Heriot-Watt University өкілдері мектептің 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 106

Кеше 235

Осы аптада 341

Осы айда 461

Барлығы 69841

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска