«Өмірдің мәні неде?» тәрбие сағаты

Бүгін 9 “Б” сыныбында ерекше әрі мазмұнды тәрбие сағаты өтті. Сабақты сыныбымыздың ата-анасы, Інжудің әкесі Бекқалиев Амангелді Ғабиденұлы жүргізді. Тәрбие сағатының тақырыбы – «Өмірдің мәні неде?» болды.
Сабақ барысында оқушылармен өмірдің мәні, адамның бұл өмірдегі мақсаты, жақсылық жасаудың маңызы және алғыс айту мен алғыс алудың құндылығы туралы терең ойлар айтылды.

 «Ән – көңілдің ажары» атты "Ардагер" клубы ата-әжелерімен кездесу кеші

4 наурыз күні мектебіміздегі апталық аясында мұғалімдеріміз үшін ерекше үзіліс болды. Сабақ арасындағы үзіліс уақытында мұғалімдер түрлі қызықты ойындар ойнап, бір серпіліп қалды. «Сезімдер әлеміне саяхат» апталығы аясында интернат оқушыларымен  «Ән – көңілдің ажары» атты "Ардагер" клубы ата-әжелерімен кездесу кеші өткізілді.
«Қолөнердің адамның көңіл күйіне әсері» тақырыбында интернатта тәрбиеленіп жатқан қыз балалармен шеберлік сағаты

Мектеп психологтары мен интернат тәрбиешілері апталығы аясында 5 наурыз күні ұйымдастырылған көңілді үзілісте музыка әуелеп, әсем әндер шырқалды. Оқушылар әнге қосылып, белсенді демалды. «Қолөнердің адамның көңіл күйіне әсері» тақырыбында интернатта тәрбиеленіп жатқан қыз балалармен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. 

«Аталар мектебі» аясында тәрбиелік кездесу өтті

Мектебімізде «Даналық мектебі » жоспарына сәйкес «Ұлттық тәрбие – сөз мәдениеті» тақырыбында аталармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, сөз мәдениетін дамыту, үлкендердің өмірлік тәжірибесі арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болды.

Лицейімізде «Алғыс айту күні» аталып өтті

1 наурыз – еліміз үшін ерекше мағыналы күн. Алғыс айту күні 2016 жылдан бері ресми түрде тойланып келеді. Бұл күннің 1 наурызға белгіленуі 1995 жылы дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуымен байланысты.

«Кітап талқы алаңы» жобасы

Мектеп ұжымының рухани-танымдық бағыттағы жұмысы аясында «Кітап талқы алаңы» жобасының кезекті кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында жазушы Торғын Жолдасбекқызының «Сөз» шығармасы кеңінен талқыланды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

24.02.2026 ж. күні химия-биология бағытындағы 10–11 сынып оқушыларына қоғамдық денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық іс мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 111

Кеше 235

Осы аптада 346

Осы айда 466

Барлығы 69846

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска