Лицей оқушылары Jaiyq FIRST Regional – 2025 байқауына қатысып , Батыс лигасына жолдама иеленді

Лицейіміздің жас робототехник-инноваторлары Jaiyq FIRST Regional аймақтық робототехника байқауына қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Байқау барысында оқушылар күрделі инженерлік тапсырмаларды орындап, роботтарды жобалау, құрастыру және бағдарламалау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өтті

Лицейімізде ұлы ғалым, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өтті. Жарысқа 7–10 сыныптың ең алғыр, білімқұмар оқушылары қатысып, өзара зияткерлік додада бақ сынады.

«IELTS дайындықтағы тиімді әдістер: өз тәжірибемнен» тақырыбында 11-сынып оқушысының TEDx форматы негізінде мотивациялық кездесуі өткізілді

2025 жылғы 28 қараша күні мектебіміздің 9–10 сынып оқушыларының сұранысына сәйкес «IELTS дайындықтағы тиімді әдістер: өз тәжірибемнен» тақырыбында 11-сынып оқушысының TEDx форматы негізінде мотивациялық кездесуі өткізілді.

Педагогикалық идеялар фестиваліндегі жеңіс!

26 қараша күні педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалі» оздырылды.

«Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңіндегі жетістіктеріміз!

25-26 қараша күндері өткен 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде лицейіміздің 7-сынып оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

«Кітап оқу бәйгесі»

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай 7-сынып оқушыларына арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 50

Кеше 53

Осы аптада 637

Осы айда 1941

Барлығы 59772

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска