9 қаңтар күні мектебіміздің түлектері, қазіргі таңда беделді жоғары оқу орындарының студенттерімен дәстүрлі кездесу шарасы өтті. Кездесудің мақсаты – мектеп оқушыларына бағыт-бағдар беру, тәжірибе алмасу, болашақ мамандық таңдауға қолдау көрсету және оқу мотивациясын арттыру.