Психодиагностикалық зерттеу

Психологиялық диагностика (зерттеу)

Мақсаты: білім алушылардың ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерделеу.

Психикалық жай-күйдегі өзіндік бағалау

Оқу мотивациясы

Темпераменті (холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик)

Жасөспірімдегі мазасыздық деңгейін анықтау (стрес, депрессия, үрей, қобалжу)

Қызығушылық пен бейімділікті анықтау.

Интеллектуалдық ерекшелігінің деңгейі

Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу

Г.Н.Казанцеваның «Өзін-өзі бағалау» тесті.

Сипаттама.Г Н.Казанцеваның методикасы жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.Методика дәстүрлі сауалнама түрінде құрылған.

Нұсқау: «Сізге бірнеше тұжырымдамалар оқылады. Сіз сол тұжырымдаманың реттік санын жазып, жанына берілген үш жауаптың біреуін жазасыз. Жауаптар «иә» немесе «+», «жоқ»- «-», «білмеймін»-«?». Тез, ойланбай жауап беріңіз».

Сауалнама тексті:
1.Өз ісімде мен әрқашан табысқа сенемін.
2.Мен ұзақ уақыт көңілсіз күйдемін.
3. Көбі меннен ақыл-кеңес сұрайды.
4.Өзіме деген сенім менде мүлде жоқ.
5.Басқа балалар сияқты менде тапқыр, қабілеттімін.
6.Кейде мен өзімді ешкімге керек емеспін деп сезінемін.
7.Мен әр істі жақсы істеймін.
8.Болашақта (мектеп бітіргеннен кейін) мен ештеңеге қол жеткізе алмайтын сияқтымын.
9.Әр істе мен өзімді алдамын деп есептеймін.
10.Келешекте өкінейтіндей істерді мен көп жасаймын.
11.Мен жақсы танитын біреулердің табысы, менің жеңілуім деп ойлаймын.
12.Меніңше, айналамдағы адамдар маған айыптаумен қарайды.
13.Мені мүмкін болатын сәтсіздік мазаламайды.
14.Меніңше, маған тапсырылған істі сәтті орындау үшін әртүрлі кедергілер бөгет жасайды.
15.Болған іске мен өкінбеймін.
16.Менің айналамдағылар менен гөрі сүйкімді.
17.Менің ойымша, менің көмегім басқаларға жиі қажет сияқты.
18.Меніңше, мен басқалардан гөрі нашар оқимын.
19.Сәтсіздіктен гөрі менде табыстар көп.
20.Өмірде мен әлденеден әрқашанда қорқамын.

Нәтижені өндеу.

Тақ сандардағы сұрақтардың «иә» жауаптар саны;
Жұп сандардағы сұрақтардың «иә» жауаптар саны;
Бірінші нәтижеден екінші нәтижені алыңыз. Ең соңғы нәтиже – 10-нан +10-ға дейін болуы мүмкін.
Нәтижесінде:

– 10-нан -4-ке дейін— өзін-өзі бағалауы төмен.

–3-нан +3-ға дейін— өзін-өзі бағалауы орта.

+4-нан +10-ға дейін— өзін-өзі бағалауы жоғары.

Бүгін 23

Кеше 55

Осы аптада 158

Осы айда 581

Барлығы 17113

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска