Тәрбие жұмысы бағыттары

КІРІСПЕ

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының тәрбие жұмысының стратегиясы оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған.

Тұжырымдамада оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізудің кешенді мәселелері сараланып, оларға тәрбие берудің негізгі мақсаты мен міндеті және оқушылардың білім алуы барысында тәрбие үдерісін жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шаралар мен осы жұмыстарды жетілдірудің жолдары қарастырылды.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

1.

«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

2.

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

3.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 26 желтоқсан 2011жыл №518- IV Кодексі.

4.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;

5.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;

6.

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI Заңы;

7.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы;

8.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

9.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

10.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

Тәрбие жұмысы Тұжырымдамада көрсетілген төмендегідей бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие ;

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие;

4. Отбасылық тәрбие;

5. Еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие;

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады.

Мақсаты:

  • Білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы адамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту.
  • Білім алушылардың өзін-өзі тануын,өздігінен дамуын,әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру.
  • Экологиялық мәдениетін салауатты және қауіпсіз өмір салтын тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Тәрбие үрдісінде жаңашыл бағытты енгізу арқылы сынып жетекшілердің кәсіптік шеберлігін үздіксіз жетілдіру;

-Денсаулығы зор, адамгершілігі мол, рухани бай, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

- Оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, зиялылыққа, адами құндылықтар негізінде адалдыққа үйрету;

- Адам құқықтары мен бостандықтарын, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сыйлауға тәрбиелеу;

- Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу;

- Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, педагогикалық-психологиялық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершіліктерін арттыруға ықпал ету,отбасылық тәрбие жүйесін жандандыру;

- Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату;

- Оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыс түрлеріне тарту арқылы шығармашылық ойлау, еңбексүйгіштік қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

1

Балалар мен оқушы жастардың жоғары адамгершілік руханилығы, мәдениеттілігі, өзін-өзі танушылығын, салауатты өмір салтын, шығармашылық қабілетінің іске асырушылығын қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесін жасау

2

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушыларды болдырмау

3

Балалар мен оқушы жастар арасында есірткі және басқа да зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу.

4

Білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда ата-аналарды бірлескен жұмыстарға тартуға қарастырылған тәрбие жүйесін дамыту.

5

Балаларға әлеуметтік психологиялық және құқықтық қызметтердің тиімді жолын құру

 

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Тәрбие жұмысының басты мақсатына жетуге келесі негізгі басымдылықтарды бағыттаймыз:

  • Оқу үдерісінде тәрбие қызметін нығайту
  • Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін жандандыру
  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
  • Оқушылардың адами құндылық және құқықтық тәрбиесі
  • Клуб және үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың рухани танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Бүгін 16

Кеше 64

Осы аптада 217

Осы айда 1377

Барлығы 16079

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска