2026 жылғы 28 мамыр күні лицейімізде оқу жылының қорытындысына арналған дәстүрлі «Педагогикалық триумф – 2026» марапаттау кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл салтанатты шара ұстаздар мен қызметкерлердің бір жыл бойғы еңбегін бағалап, кәсіби жетістіктерін көпшілік алдында дәріптеуге арналды.
Кеш барысында білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жетістіктеріне, тәрбие жұмыстарының нәтижелілігіне және мектептің қоғамдық өміріне белсенді үлес қосқан педагогтер мен қызметкерлер марапатталды.
Марапаттау рәсімінде келесі аталымдар бойынша үздіктер анықталды:
• Үздік пән мұғалімі – 2026 – Мухамбеткалиев Ораз Жалгасович
• Үздік олимпиада жетекшісі – 2026 – Аманбаев Аскар Сайнович
• Үздік жоба жетекшісі – 2026 – Медресова Багдагүл Абишовна
• Үздік жоспарлау – 2026 - Ишанов Акжан Жаскайратович
• Үздік жас маман – 2026 - Шаденова Диана Болатбекқызы
• Үздік сынып жетекшісі – 2026 - Иманғалиева Нұргүл Қуандыққызы
• Үздік тест құрастырушы – 2026 - Қоныспай Райхан Қуанышқызы
• Үздік тәрбиеші – 2026 - Ажкенова Эльмира Махмудовна
• Үздік қызметкер – 2026 - Тлепбергенов Тұрлыбек Тлепбергенұлы
• Үздік ұжымдық жұмыс – 2026 - Физика және математика пәндер апталығы
• Ең үздік мұғалім – 2026 - Жексенов Азат Бисембаевич
Кеш барысында жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар концерттік бағдарламалар ұсынылып, лотерея ойындары ұйымдастырылды. Әсем әндер мен би қойылымдары мерекелік кештің сәнін келтіріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Педагогикалық триумф – 2026 – бұл тек марапаттау кеші ғана емес, ұжымның бірлігі мен кәсіби шеберлігін айқындайтын, ұстаз еңбегіне құрмет көрсететін ерекше мереке болды. Жыл бойы аянбай еңбек еткен әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтап, жаңа оқу жылында толағай табыстар тілейміз!