Лицей шәкірттерінің кодексі

Лицей – тек оқу орны емес. Бұл - жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген, заманауи өркениет талаптарына сай өмір салты.

Лицей оқушысы – өмір бойы үздіксіз өзін-өзі жетілдіретін, кез-келген нәрседе озық болуға ұмтылатын, салауатты өмір салтын ұстанатын, адамдармен бейбітшілік пен достық қарым-қатынаста болатын адам. Ол өзінің барлық әрекеттері мен істерінде Ар-намыс кодексін басшылыққа алады.

Құқықтары мен міндеттері:

  • лицейдегі өмірді басқаруға қатысуға, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға құқылы;
  • Жарғы мен ішкі ережелерді сақтайды, ескі дәстүрлерді құрметтейді және жаңа дәстүрлерді қалыптастырады;
  • өзінің сөзі мен ісіне жауап береді, берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды, сынып пен лицейдің өміріне белсенді араласады;
  • өз-өзіне, жолдастарына және ұстаздарына құрметпен қарайды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді;
  • Елін, жерін және дәстүрін сүйеді;
  • мектептің мәртебесінтүсірмей лицейдің абыройын арттыруға атсалысады;
  • ұжымда өзара қарым-қатынас орнатуда достық қарым-қатынасты сақтайды;
  • ойын ашық айтады, өзіндік көзқарасты еркін білдіреді;
  • ортада жоғары талғам мен мәдениетіліктің үлгісін көрсетеді;
  • жалған сөйлемейді, әділ көзқарасты қалыптастырады.

Лицей оқушысы болу – зор мәртебе!

Осы Кодекс оқушы лицейге түскен сәттен бастап бүкіл оқу кезеңінде қолданылады.

 

Бүгін 24

Кеше 55

Осы аптада 159

Осы айда 582

Барлығы 17114

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска