Әлеуметтік іс-шаралар

Атауы:

Өткізілу форматы:

Мерзімі

Мақсаты:

1

«Мектепке жол»

акциясы

тамыз-қыркүйек, қаңтар

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

2

“Мейірімді жүрек”

қайырымдылық акциясы

жыл бойына

“Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қарт адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

3

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

Кездесу, түсінік жұмыстары

қараша, наурыз

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

4

ЖИТС, нашақорлық әлеуметтік мәселе ретінде

Кездесу, түсінік жұмыстары

желтоқсан

Жасөспірімдерді психоактивті заттарды қабылдаудан өз бетімен бас тартуын қалыптастыру. Қоғамның назарын нашақорлықтың адам өміріне өте зиянды мәселелердің бірі екеніне келешек ұрпақтың назарын аудару, АИТВ инфекциясын есірткі нашақорлықтың таралуына жол бермеу, жастарды спортқа баулуға тарту.

5

«Денсаулық-зор байлық»

тәрбие сағаттары

желтоқан, сәуір

Адам баласы үшін ең кымбаттысы – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулық.

Оны сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеудің» әлде қайда тиімді екенін ұғынып, спортпен шұғылдану, кітап оқу, хоббимен айналысу, еріктілікпен айналысып, бар күш-жігерін өзін-өзі дамытуға бағыттау. Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу педагог парызы пікірсайыс, тәрбие сағаттары негізінде өрбиді.

6

«Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!»

сенбілік

қыркүйек, мамыр

Акция барысы халықтың тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында жүзеге асады. Шара кезінде қала бойынша тазалық жұмыстарын жүргізіп, үгіт – насихат құралдарын тарату жұмыстарын жүргізіледі.

7

«Бала құқығы – адам құқығы»

Кездесу

қазан-қараша

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыруға, әрине, бірінші кезекте – балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы осының дәлелі болып келеді. Шараның басты мақсаты, оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

8

Жаңа жылдық шара

концерттік бағдарлама

желтоқсан-қаңтар

Арнайы санаттағы отбасының балаларына арналған «қалалық, облыстық шыршаға» жолдама дайындау арқылы оқушыларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.

Бүгін 16

Кеше 64

Осы аптада 217

Осы айда 1377

Барлығы 16079

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска