Мектеп интернаты

Интернат мектеп ғимаратының бесінші қабатында орналасқан. Интернатта 1 меңгеруші, 4 тәрбиеші, 3 тәрбиешінің көмекшісі жұмыс жасайды. Интернатта 76 оқушы  білім алып, тәрбиеленуде. Оның ішінде саны қыз балалар саны-45, ер балалар саны-31. Интернат тәрбиеленушілеріне оқып білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Оқушыларға арналған жатын бөлмелер, тұрмыстық бөлмелер (жуыну, гигиеналық бөлме), демалыс бөлмесі бар. Мектеп-интернат орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, салқын және ыстық сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар оқушылардың жуыну бөлмесінде салқын суды ысытып, қалыпты жағдайда сақтау үшін 2 қондырғы орналастырылған. Мектеп-интернат оқушылары мектеп асханасынан алты мезгіл тамақтанады. Тәрбиеленушілердің төсек орындары  әр апта сайын ауыстырылып  беріліп отырылады. Оқушылардың киімдерін жууына арналған қыз балаларға, ер балаларға  кір машиналары  бар. Интернат оқушыларының бос  уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептегі үйірмелерге  (It media, It дебат, 3Д моделдеу, интеллектум, домбыра дастан, жас шебер, робототехника, театр әлемі, музыка әлемі, бағдарламалау) қатынасуы қамтамасыз етілді. Оқушылармен сенбі, жексенбі күндері тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп отырылады.

 

Бүгін 12

Кеше 11

Осы аптада 56

Осы айда 56

Барлығы 7459

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска