Дарынды шәкіртіміз Серік Тоқтар Берікұлы "Nazarbayev University Foundation" бағдарламасының ресми шақыртуын иеленді!
Тоқтардың бұл жетістігі оның білімге деген құштарлығының, табандылығы мен жоғары жауапкершілігінің нәтижесі. Алға қойған мақсатына сенімді қадам басқан шәкіртіміздің бұл жеңісі ұстаздарының тынымсыз еңбегі мен ата-анасының сенімінің ақталғанының айқын көрінісі. Тоқтарды осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!