Психологиялық ағарту

Психологиялық ағарту – педагогтарды, ата-аналарды, балаларды психологиялық біліктілікке баулу, яғни бұл үлкендер (тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар) мен балаларға психологиялық білім беру. Бұндай психологиялық ағартушылықтың негізгі мәні мынада:

  1. Тәрбиешілер, мұғалімдер мен ата-аналарды балалардың психикасының дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру;
  2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау;
  3. Психологиялық білімге сұранысты, оларды балалармен жұмыс істеу кезінде немесе тұлғаның өзінің дамуына деген қызығушылығында қолдануға ынта-ықыласты қалыптастыру;
  4. Практикалық психологияның және балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарында психолог жұмысының қажет екендігін түсіндіру;

Психологиялық ағартушылықтың формалары әр түрлі болады: дәріс, әңгіме, семинарлар, көрме, т.б. Бұндай жағдайда психолог жұмыс істеу кезінде барлық іс-әрекетті бір өзі ғана атқара бермей басқа да мамандарды шақыруға болады. Алайда, жұмыстың бұл формалары тек бірсарынды теориялық түрде өтпеуі керек. Яғни, бұл жұмыстар психологиялық білімнің бала білімі мен тәрбиесіне қатысты нақты мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтындығын көрсету қажет

                    Ата – аналар жиналыстарының тақырыптары:      

  • «БЖБ,ТЖБ тапсыру алдындағы психологиялық кеңестер»
  • «Емтиханға дайындық барысында балаларды қолдау»
  • «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы»
  • «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету»
  • «Жасөспірімдер жасындағы ерекшеліктері. Өзіндік сананы қалыптастыру»

Мұғалімдермен жүргізілген жұмыстардың тақырыбы:

  • Сабақ барысында оқушыларға қолайлы орта қалыптастыруда мұғалімдерді педагогикалық психологиялық сүйемелдеу жұмыстары
  • Ата аналар жиналысына, сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысу

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

Психикалық денсаулық (рух немесе жан саулығы, кейде менталдық саулық деп атады) — бұл адам өз әлеуетін іске асыра алатын, күнделікті өмірлік стресстерді еңсере алатын, жемісті және өнімді жұмыс жасай алатын, әрі қоғамға өз үлесін қоса алатын аман-саулық күйі. (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. ДДСҰ, 2017)

Жақсы психикалық денсаулық барлығы үшін маңызды. Сіздің және балаңыздың өмірі үшін психикалық денсаулықтың маңызы физикалық денсаулықтың маңызымен бірдей.

Психикалық денсаулық – бұл жай ғана психикалық сырқаттардың жоқ болуы ғана емес, өмірлік мәселелерді шешуге қажетті дағдылардың болуы. Егер психикалық денсаулықтағы кінараттарға мән бермесе, олар балалардың оқуына, дамуына, қарым-қатынастарына және физикалық саулығына кедергі келтіруі мүмкін.

Қиын жағдайларда балаларға және жасөспірімдерге мәселелерін шешуге көмектесіңіздер.

Баланың көңіл-күйі түскенде босаңсуды үйретіңіз. Босаңсу әдістері терең тыныстау, тыныштандыратын әрекеттер (мысалы, өзіне ұнайтын сабырлы іспен айналысу), оңаша қалу немесе серуендеу болуы мүмкін. Сонымен бірге мәселелерге және жайсыз жайттарға әртүрлі көзқараспен қарауға болатынын айтыңыздар.

Ықтимал шешімдерді немесе жағдайды жақсарту идеяларын және оларды іске асыру жолдарын талқылаңыздар. Баланы жеңуге тырыспаңыздар. Соғыс сіздерді тек алыстатып жібереді.

Бар назарыңызды өзіңізге емес, балаға аударыңыз! Ата-аналар орын алған жайтқа ұқсас жағдайлар туралы анекдоттар айтқанды жақсы көреді, ал балаларға өздері қазір бастан кешіріп жатқан нақты жағдайдың маңыздылығы мен бірегейлігі кемсітілген сияқты болып көрінеді. Ұқсас мәселені шешудегі өз тәжірибесі туралы айтып беру оларға немқұрайдылық болып көрінуі мүмкін. Оның орнына бала өтінгенде тыңдау және қолдау көрсету үшін қолжетімді болыңыздар.

Дайын шешім бермеңіздер. Балаға шешім қабылдауға, өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік беріңіздер. Балалар дайын шешімді емес, түсіністік табу сезімін жоғарырақ бағалайды. Тыңдаңыздар, теріске шығармаңыздар. Түрлі амалдар мен жолдар ұсыныңыздар.

Міне, көмектесе алатын бірнеше мысалдар: «Саған әбден қиын болған сияқты қой», «Қиналып жүргеніңді көріп тұрмын», «Саған көмектескім келеді – осыны қалайша жақсырақ істеу керек екенін бірге ойлап тапсақ қайтеді?», «Осыны істеудің амалын таба алатын қабілетің бар екеніне сенімдімін. Мен жаныңдамын».

Баланың мәселені шешуге күші мен қабілеті жететініне күмән келтірмеңіздер. Кейбір, тіпті күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік берсе және сенім білдірсе, балалардың қолынан көп іс келеді.

Ата аналармен және педагогтермен жүргізілген жұмыстар

Бүгін 8

Кеше 11

Осы аптада 52

Осы айда 52

Барлығы 7455

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска