Шәкіртіміз Батай Алихан Ғарифоллаұлы "Nazarbayev University Foundation" бағдарламасының ресми шақырту иегері атанды! Алихан өз еңбегі мен табандылығының арқасында еліміздің ең үздік университетінің есігін ашты. Өз болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтын шәкіртіміздің бұл нәтижесі ұзақ уақыттық еңбек пен мектеп қабырғасындағы үлкен қолдаудың жемісі.
Алиханды осынау маңызды белесімен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолында сәттілік серік болып, үлкен белестерді бағындыруына тілектеспіз!