Қыздар тәрбиесі

«Сырғалым» қыздар клубы

Мақсаты: Қыз бала бойына адамгершілікті, имандылық пен ибалылықты, талғамдылықты сіңіру. Қыз бала алдындағы қоғамның, елдің, ұлттың болшағы үшін үлкен жауапкершілік тұрғандығын ұғындыру. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білімді, білікті тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қыз балаларды үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктерді үйрете отырып, икемдеу.

Құндылықтары:

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттерге баулу.

Нәтиже:

Қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай бойжеткен идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару.

Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі

Қазақ халқында қыз баланың орны ерекше. Үкілеп өсіріп отырған қыз баласының барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз – өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен халқымыз өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, қыз баланың мінезінің қалыптасуына да үлес қосқан. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.

Біле білсек, әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі де тәрбиенің негізі болып саналады.

Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қыз баланың жүріс-тұрысынан бастап дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын сездірсе керек. Сондықтан да қазақ қыздарымыз тәрбиелі ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен және рухани тазалығымен ерекшеленеді. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болары хақ.

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады. Халқымызда бала тәрбиесін құрсақтан бастаған асыл аналарымыз болған. Ұлы Абайдың тәрбиешісі болған данагөй әжеміз Зерені қалай ұмытамыз?

«Қызың өссе, қызы жақысымен ауылдас бол», деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретінін айтса керек. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

2026-2027 оқу жылына арналған «Сырғалым» қыздар клубының жылдық жұмыс жоспары

№

Іс-шара тақырыбы

Өткізілу форматы

Өткізілу уақыты

Сыныбы

Жауапты мамандар

Аяқталу нысаны

1

«Сырғалым» клубының ашылуы, клуб мүшелерін бекіту

Жиналыс

Қыркүйек

7–11

ДТІЖО, педагог-психолог

Хаттама

2

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Сынып сағаты

Қыркүйек

7–11

Сынып жетекшілері

Фото, анықтама

3

«Қыздардың сыртқы келбеті және мектеп әдебі»

Түсіндіру жұмысы

Қазан

7–11

Мектеп дәрігері

Анықтама

4

«Буллингке жол жоқ!»

Тренинг

Қараша

7–11

педагог-психолог

Фото, талдау

7

«Қыздың көркі – мінезінде»

Дөңгелек үстел

Желтоқсан

7–11

ДТІЖО

Анықтама

8

«Қайырымдылық – ізгілік белгісі»

Акция

Желтоқсан

7–11

Қыздар клубы

Фотоесеп

9

«Жеке бас гигиенасы және қыз бала денсаулығы»

Кездесу

Қаңтар

7–11

Мектеп дәрігері

Фото

11

«Өзіңді бағала және құрметте»

Психологиялық тренинг

Ақпан

7–11

педагог-психолог

Талдау

12

«Қыз бен ұл арасындағы сыйластық»

Сырласу сағаты

Наурыз

7–11

ДТІЖО

Фото

13

«Ұлттық қолөнер – қызға сән»

Шеберлік сабағы

Сәуір

7–11

Көркем еңбек пәні мұғалімі

Көрме

15

«Жазғы демалыстағы қауіпсіздік»

Түсіндіру жұмысы

Мамыр

7–11

ДТІЖО

Жадынама

16

Қыздар клубының қорытынды отырысы

Жиналыс

Мамыр

7–11

ДТІЖО

Хаттама, есеп

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 115

Кеше 121

Осы аптада 115

Осы айда 3852

Барлығы 77202

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска