25 мамыр күні мектебімізде 2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған дәстүрлі «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік кеш мектеп бітіруші түлектеріміз — информатика-математика бағытындағы 11 «А», физика-математика бағытындағы 11 «Б», жаратылыстану-математика бағытындағы 11 «С», химия-биология бағытындағы 11 «D» сыныптары сынып жетекшілерімен бірге ортаға құрметпен шақырылуымен басталды.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Ж.М. Шонбаевқа беріліп, оқу озаттары мен белсенді оқушылар марапатталды. Сонымен қатар республикалық пәндік олимпиадаларда мектебіміздің намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларымыз Зинекешова Ясминур, Сырымқызы Айару , Асхат Алуа, Тоқтар Серік мектеп түлектерінің демеушілігімен қаржылай сертификаттар табысталды.
Жыл қорытындысы бойынша түрлі пәндерден үздік танылған оқушылар мен «Үздік жыл оқушысы» номинациясының иегерлері марапатталды. Аталған номинация иелеріне қамқоршылық кеңесі мен «Ата-аналар» қорының есебінен қаржылай қолдау көрсетілді:
Математика пәнінен – Ерболат Бекназар
Биология пәнінен – Шахаева Анеля
Қазақстан тарихы пәнінен – Аққали Шұғыла
Информатика пәнінен – Сағидолла Мерей
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – Мулдашева Жанерке
Физика пәнінен – Қалесова Альбина
Химия пәнінен – Сырымқызы Айару
Ағылшын тілі пәнінен – Зинекешова Ясминур
«Үздік жыл оқушысы – 2026» номинациясы мектеп бітіруші түлектер Серік Тоқтар мен Асхат Алуаға табысталды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында белсенділік танытқан үздік сыныптар, отбасылар мен оқырмандар да арнайы марапаттарға ие болды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы
А.С. Бекмагамбетова мен кітапхана меңгерушісі Ш.А.Қуанова жеңімпаздарды марапаттады. Жоба аясындағы номинациялар жеңімпаздары:
«Үздік оқырман сынып – 2026» — 9 «Б» сыныбы
«Оқуға құштар сынып» — 9 «А» сыныбы
«Үздік оқырман отбасы – 2026» — Мухтаровтар отбасы
«Үздік оқырман қызметкер – 2026» — тарих пәні мұғалімі Жексенов Азат Бисембайұлы
«Жыл үздік оқырманы – 2026» — Серік Тоқтар
«Үздік жас оқырман – 2026» — Ерболат Бекназар
«Ең үздік бөлме» номинациясы — №18 бөлме
Шара барысында мектеп түлектері ата-аналары атынан Картмагамбетов Болат Зинекешұлы түлектерге ақ батасын беріп, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Кеш соңында түлектер ұстаздарына алғыс айтып, әсерлі дәстүрлі вальс биін биледі. Бұл сәттер мектеп тарихында ғана емес, әрбір түлектің жүрегінде мәңгі сақталатын ыстық естелік болып қалары сөзсіз.
Салтанатты шарадан кейін әр сыныпта «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Барша түлектерімізге ақ жол, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!