Оқушымыз Раш Дарын Дарханұлы "Nazarbayev University Foundation" бағдарламасына ресми шақырту алды! Дарынның бұл жетістігі оның білім жолындағы қажымас қайратының, өзіне деген нық сенімінің және тоқтаусыз ізденісінің айқын дәлелі. Мектебіміздің мерейін асырған дарынды шәкіртіміздің бұл нәтижесі ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ата-ана үмітінің ақталуы.
Дарынды осы маңызды қадамымен құттықтаймыз! Саған жаңа мүмкіндіктер әлемі ашылып, алға қойған асқақ мақсаттарың орындала берсін!