Физикасыз дзюцу жоқ, математикасыз жеңіс жоқ!

Физика және математика пәндері апталығы аясында 9–10 сынып оқушылары арасында ерекше форматтағы танымдық шара ұйымдастырылды. Оқушылар «Коноха стратегтері»» атты ақылды үзіліске қатысып, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін сынады.

«Чакра формулалары» атты ақылды үзіліс өткізілді

Мектебімізде апталық аясында 8-сынып оқушыларына арналған «Чакра формулалары» атты ақылды үзіліс өткізілді. Іс-шара барысында физика және математика пәндеріндегі негізгі формулалар Тарсия әдісі арқылы қайталанып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен пәнге деген қызығушылығы артты. 

“Қимайтын жан екенсіз жат ұжымға”

Бүгін ұжымымызда ерекше көңіл-күй болды. 

Қимастықпен әріптесіміз Айгүл Мұратқызын басқа қалаға, жаңа қызметке шығарып салдық. Бірге өткізген әрбір сәт, ортақ еңбек пен естеліктер біз үшін қашанда қымбат. Ұжым дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып, алдағы еңбек жолында табыс, сәттілік және кәсіби жетістіктер тілейміз.

«Физикасыз дзюцу жоқ, математикасыз жеңіс жоқ» деген атаумен алынған физика және математика пәндерінің апталығы

Бүгін мектебімізде физика және математика пәндерінің апталығы өз шымылдығын түрді. «Физикасыз дзюцу жоқ, математикасыз жеңіс жоқ» деген атаумен алынған апталықтың негізгі мақсаты: білімді күшке айналдыра отырып, есеп шығару, ойлау шапшаңдығы мен дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, ғылым мен шығармашылықты ұштастыру.

Ақтау қаласында өткен Batys Robotics & Drones Championship 2026 Батыс лигасы

17–18 қаңтар 2026 күндері Ақтау қаласында өткен Batys Robotics & Drones Championship 2026 Батыс лигасына лицейміздің HYDRA командасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша команда “Robot Performance Award Winner” номинациясын жеңіп алып, 10–13 ақпан аралығында Астана қаласында өтетін Central Asia халықаралық байқауына жолдама иеленді.

Roboland-2026 облыстық роботтық техника жарысы

Roboland-2026 облыстық роботтық техника жарысында лицейміздің командасы — 9-сынып оқушылары Махамбет Тамирлан мен Болатов Алпамыс «Садақ ату» санаты бойынша I орын иеленді. Жеңімпаздар Қарағанды қаласында өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды.

Мектебімізде тағы бір қуанышты жаңалық!

Мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Имангалиева Асылзада Каженовна Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Мектебіміз үшін қуанышты жаңалық!

Республикалық педагогикалық идеялар фестивалінде менеджмент бағыты бойынша мектебіміздің директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Мұратқызы жүлделі III орынға ие болды.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 50

Кеше 53

Осы аптада 637

Осы айда 1941

Барлығы 59772

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска