Физика және математика пәндері апталығы аясында 9–10 сынып оқушылары арасында ерекше форматтағы танымдық шара ұйымдастырылды. Оқушылар «Коноха стратегтері»» атты ақылды үзіліске қатысып, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін сынады.
Сондай-ақ НАРУТО аниме желісі негізінде өткен апталығымыздың келесі «Санинге қабылдау» кезеңі QUIZ форматында ұйымдастырылып сайыста алдыңғы кезеңнен іріктелген 7-11 сынып білім алушылары өздерінің физика мен математика пәндері бойынша білімдерін көрсетіп, нағыз ниндзядай тапқырлық танытты 🥷📚
🔹 Қызықты атмосфера
🔹 Командалық жұмыс
🔹 Білім мен шығармашылықтың үйлесімі
Quiz сайысында жоғары ұпай жинаған 3 команда келесі кезеңге өтті. Осындай ерекше форматтағы шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімді қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді.