Мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Имангалиева Асылзада Каженовна Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат – ұстаздың көп жылғы табанды еңбегінің, кәсіби шеберлігінің, білім мен тәрбие беру жолындағы адал қызметінің жоғары бағалануы. Асылзада Каженовна шәкірттерінің білім сапасын арттыруға, тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Әріптесімізді осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс, шәкірттерінің жаңа жетістіктерін тілейміз!
Ұстаз еңбегі әрдайым лайықты бағалана берсін!