Лицейіміздің жас робототехник-инноваторлары Jaiyq FIRST Regional аймақтық робототехника байқауына қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Байқау барысында оқушылар күрделі инженерлік тапсырмаларды орындап, роботтарды жобалау, құрастыру және бағдарламалау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.