Республикалық педагогикалық идеялар фестивалінде менеджмент бағыты бойынша мектебіміздің директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Мұратқызы жүлделі III орынға ие болды.
Айгүл Мұратқызы аталған фестивальде білім беру ұйымын тиімді басқару, оқу үдерісін ұйымдастырудағы заманауи менеджменттік тәсілдер мен тәжірибелерді ұсынды. Ұсынылған идеялар қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, оның кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Әріптесіміздің бұл жетістігі – мектебіміз ұжымының бірлескен еңбегінің, үздіксіз ізденіс пен кәсіби дамудың нәтижесі.
Айгүл Мұратқызын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметіне шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен биік белестер тілейміз!
