9 қаңтар күні мектебіміздің түлектері, қазіргі таңда беделді жоғары оқу орындарының студенттерімен дәстүрлі кездесу шарасы өтті. Кездесудің мақсаты – мектеп оқушыларына бағыт-бағдар беру, тәжірибе алмасу, болашақ мамандық таңдауға қолдау көрсету және оқу мотивациясын арттыру.
Кездесу барысында студенттер өздерінің білім алған мектептері мен ұстаздарына алғыс айтып, мектеп оқушыларымен студенттік өмірі мен білім алу жолы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, білім додаларында сәттілік тіледі.