17–18 қаңтар 2026 күндері Ақтау қаласында өткен Batys Robotics & Drones Championship 2026 Батыс лигасына лицейміздің HYDRA командасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша команда “Robot Performance Award Winner” номинациясын жеңіп алып, 10–13 ақпан аралығында Астана қаласында өтетін Central Asia халықаралық байқауына жолдама иеленді.
Оқушыларға алдағы кезеңге сәттілік тілейміз!
Жетекшісі: Бекчурина А.Т.