Көктемнің алғашқы күндерімен бірге мектеп-лицейімізде мектеп психологтары мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен ерекше апталық басталды.
Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық интелектісін дамыта отырып, ұлттық құндылықтар негізінде сезімдерді түсіну, білдіру және басқару дағдыларын қалыптастыру.
Апталықтың ашылуы танымал «Ойжұмбақ» (Inside Out) мультфильмі желісінде ерекше безендірілді. Алғашқы күні үзіліс кезінде оқушылар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылып, балалар жоғары белсенділік танытты.
Түстен кейін 7-8 сынып оқушыларымен «Менің сезімімнің түстері» атты арт-терапиялық тренинг өткізілді. Шығармашылық жұмыс барысында қатысушылар ішкі жан дүниесін, арман-тілектері мен толғаныстарын бояулар тілімен қағаз бетіне түсіріп, психологиялық релаксация жасауға мүмкіндік алды.