Бүгін 9 “Б” сыныбында ерекше әрі мазмұнды тәрбие сағаты өтті. Сабақты сыныбымыздың ата-анасы, Інжудің әкесі Бекқалиев Амангелді Ғабиденұлы жүргізді. Тәрбие сағатының тақырыбы – «Өмірдің мәні неде?» болды.
Сабақ барысында оқушылармен өмірдің мәні, адамның бұл өмірдегі мақсаты, жақсылық жасаудың маңызы және алғыс айту мен алғыс алудың құндылығы туралы терең ойлар айтылды.
Сонымен қатар, белгілі ғалым Виктор Франклдің өмірдің мәні туралы тұжырымдары, Санжар Керімбайдың рухани құндылықтар жөніндегі еңбектері және қазақтың ағартушы ойшылдарының тағылымды пікірлері мысал ретінде келтірілді.
Оқушылар сабақ барысында өз ойларымен бөлісіп, өмірдің мәнін түсіну, адамдарға жақсылық жасау, ризашылық білдіру сияқты құндылықтардың маңызын ұғынды. Мұндай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.
Сыныбымыздың атынан Амангелді Ғабиденұлына мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сабақ өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз.