4 наурыз күні мектебіміздегі апталық аясында мұғалімдеріміз үшін ерекше үзіліс болды. Сабақ арасындағы үзіліс уақытында мұғалімдер түрлі қызықты ойындар ойнап, бір серпіліп қалды. «Сезімдер әлеміне саяхат» апталығы аясында интернат оқушыларымен «Ән – көңілдің ажары» атты "Ардагер" клубы ата-әжелерімен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу барысында ата әжелерміз қазақтың әсем әндерінің шығу тарихына тоқталып, олардың мән-мағынасы мен тәрбиелік маңызы туралы қызықты әңгімелер айтып берді. Ән арқылы халықтың өмірі, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жететінін түсіндірді. Оқушылар ата- әжелеріміздің әңгімелерін қызығушылықпен тыңдап, тағылымды ой түйді. Сонымен қатар әсерлі әндер шырқалып, кеш соңында қатысушылар ата- әжелерімізге алғыс білдіріп кездесу жақсы көңіл күймен аяқталды.