18 ақпан күні апталықтың үшінші күні лицейімізде мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар легі жалғасын тапты.
9-сынып оқушылары үшін «Ақылды үзіліс» ұйымдастырылып, оқушылар жасырылған сұрақтарды іздеу арқылы зияткерлік тапсырмаларды орындады. Іс-шара ойын форматында өтіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар лицей мұғалімдері арасында «Үздік цифрлық сауатты мұғалім» шарасы өткізілді. Шара барысында ұстаздар заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану, интерактивті платформаларды пайдалану және инновациялық әдістер бойынша білімдерін көрсетті. Қатысушылар қызықты логикалық сұрақтарға quiz форматында жауап беріп, тартысты әрі зияткерлік ойын өрбіді.
Апталық аясында 7–11 сынып оқушылары арасында IT CODE CUP бағдарламалау олимпиадасы өтті. Олимпиадада қатысушылар алгоритмдік ойлау, код жазу жылдамдығы және күрделі есептерді шешу қабілеттері бойынша бақ сынасты. Бұл жарыс оқушылардың бағдарламалауға деген қызығушылығын арттырып, олардың ІТ саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.