17 ақпан күні апталық аясында 10-сынып оқушыларына арналған «Ақылды үзіліс» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар топқа бөлініп, «арқан тартыс» ойыны форматында зияткерлік сайысқа қатысты. Әр топқа информатика және ақпараттық технологиялар пәндерінен жылдам жауап беруді талап ететін сұрақтар қойылып, оқушылар тез әрі дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинады. Ойын оқушылардың жылдам ойлау қабілетін, командалық жұмыс дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырып, үзіліс уақытын пайдалы әрі көңілді өткізулеріне мүмкіндік берді.
7–8 сыныптарға арналған «Super Mario: Cyber Cup»
Сонымен қатар 7–8 сынып оқушылары үшін «Super Mario: Cyber Cup» ойыны ұйымдастырылды. Super Mario ойынын ойнап, әр деңгейден өтуге тырысты. Ойын барысында оқушылар шапшаңдық, логикалық ойлау және зейін дағдыларын дамытып, топтық жарыс форматында белсенді түрде қатысты.
Batys Hub орталығы өкілдерімен кездесу
9–10 сынып оқушылары үшін Батыс Қазақстандағы цифрлық дағдыларды дамытуға, стартаптарды қолдауға және IT-қоғамдастық құруға бағытталған Batys Hub орталығының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға өңірімізде өтетін хакатондар, стартап-жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, IT саласында өз идеяларын жүзеге асыруға бағыт-бағдар ұсынылды. Мамандар оқушыларды белсенділік танытып, жобалармен айналысуға шақырып, қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.