Бүгін мектебімізде жас мамандарды қолдау және кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі оздырылды. Шара барысында жас ұстаздар өздерінің шығармашылық әлеуетін, жаңашыл идеяларын және пәнге деген сүйіспеншілігін таныстырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас педагогтерге қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және кәсіби өсуіне бағыт-бағдар беру. Қатысушылар түрлі таныстыру кезеңдерінен өтіп, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
Шараға тәжірибелі ұстаздар қатысып, жас мамандарға тілектерін білдіріп, құнды кеңестерімен бөлісті. Әділ қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын әділ бағалап, кәсіби тұрғыда нақты ұсыныстарын ұсынды.
Нәтижесінде: 2 орын – физика пәнінің мұғалімі Шаденова Диана Болатбекқызы, 1 орын – қазақ тілі пәні мұғалімі Нұрқанова Алтын Аханқызы және Бас жүлде иеленіп облыстық кезеңге жолдама алған биология пәні мұғалімі Хамит Гүлдана Ипмағамбетқызына сәттілік тілейміз.
Мұндай іс-шаралар жас педагогтердің өзіне деген сенімін арттырып, шығармашылық ізденісіне серпін береді. Алдағы уақытта да жас мамандарды қолдауға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.