«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9-сынып оқушыларының қатысуымен «READx» форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара өткізілді.
Шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармасы бойынша өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар әлем және қазақ әдебиетінің көрнекті авторларының шығармаларын таныстырды. Атап айтқанда, 9«Б» сынып оқушылары: Қабиден Інжу — Д. Исабековтың «Гауһар тас», Нұржан Аяулым — М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», Аққали Шұғыла — Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі», Есенжанов Сұлтан мен Бейсембай Ермаш — С. Керімбайдың «Жұмабек және жер майдан», Сайын Інжу — Ф. Бёрнеттің «Құпия бақ» шығармалары туралы баяндаса, 9«А» сынып оқушылары Сәлімұлы Әлихан — Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Жанболат Баязит — Т. Нельсонның «Жан» туындыларының мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталды.
Оқушылар өз баяндамаларын алдын ала дайындалған қосымша слайдтар арқылы көрнекі түрде ұсынып, шараның мазмұнын байытып, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды.
Шара соңында тыңдаушылар «оқимын», «ойланамын» кері байланыс парақшалары арқылы спикерлердің жұмысына баға беріп, ұсынылған шығармаларды оқуға ниет білдірді.