Лицейіміздің жас робототехник-инноваторлары Jaiyq FIRST Regional аймақтық робототехника байқауына қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Байқау барысында оқушылар күрделі инженерлік тапсырмаларды орындап, роботтарды жобалау, құрастыру және бағдарламалау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Команданың табысты өнер көрсетуінің нәтижесінде лицей оқушылары Ақтау қаласында өтетін Батыс лигасына ресми жолдама иеленді. Бұл жетістік – оқушылардың еңбегі мен табандылығының, дайындығының нәтижесі.
Лицей әкімшілігі мен педагогикалық ұжым оқушыларды және жетекшісі Бекчурина Айнур Тулегеновнаны шын жүректен құттықтайды!
