Бүгін лицейімізде «Өрілген шаш – нәзіктік нышаны» атты қыздар жиналысы өтті. Бұл шара қыз балалардың шаштарын жинақы, ұқыпты ұстауына бағытталған жылдық науқанның бастамасы болды.
Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді қыздары 8–9 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, шаштың жинақы болуы — тек сымбаттылық қана емес, сондай-ақ тазалық, ұқыптылық және мектеп мәдениетінің бір бөлігі екенін түсіндірді.
Жиналыс барысында қыздарға түрлі шаш үлгілері, өрім түрлері, күнделікті мектепке ыңғайлы стильдер көрсетіліп, нәзіктік пен ұқыптылықты сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Науқан жыл бойы жалғасып, лицей қыздарының тәрбиесі мен мәдениетті бейнесін қалыптастыруға үлес қоспақ.