I. «Жыл үздік оқырманы – 2026» аталымына қойылатын талаптар:
1.Оқылған кітап саны мен формуляр негізінде бағалау
Қатысушы бастапқыда оқырман формулярын толтырады: оған оқыған кітаптардың атауы, авторы, оқылған уақыты жазылады. Кітап оқылымы бойынша ең жоғарғы нәтиже анықталады. Бұл формуляр жыл бойы кітапханашы және сынып жетекші бақылауында болады.
2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу көрсеткіші.
Әр бәйгеге үздіксіз қатысуы және жоғары нәтиже көрсете білу қабілетімен танылады.
3. ReadX шарасы бойынша белсенділігі
Оқыған кітабы бойынша топ алдында сөйлеу мәдениеті, ойын ашық жеткізу қабілеті, аталмыш шараға жиі белсенді түрде қатысу көрсеткіші бойынша топ жарады.
4. Кітапхананың атаулы шараларына белсенді қатысуы
Ақын-жазушылардың мерейтойлық шараларына, әр түрлі мерекелік шараларға белсенді қатысуы деңгейі бойынша анықталады.
II. «Үздік оқырман сынып-2026» аталымына қойылатын талаптар:
1. Кітапханалық шараларға сыныппен белсенді қатысуы
Сынып - әр түрлі мерекелік шараларға белсенді қатысу, дәстүрлі және виртуалды кітап көрмелерін жасақтау, аудиошығармалар мен буктрейлер дайындау белсенділіктері бойынша басқа сыныптардан ерекшеленеді.
2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу көрсеткіші
Бәйгенің барлық санына сыныптың қатысу деңгейі 50%-дық көрсеткіштен жоғары болуы үздік нәтиже көрсете білуі қаралады.
III. «Үздік оқырман отбасы-2026» аталымына қойылатын талаптар:
Кітапханалық шараларға отбасы мүшелерінің белсенді қатысуы
Отбасы мүшелерінің кітапханалық шараларға белсенді қатысуы, виртуалды кітап таныстырылымы, аудиошығармалар мен буктрейлер дайындау белсенділіктері бойынша ерекшеленеді.
2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу көрсеткіші
Әр бәйгеге үздіксіз қатысуы және жоғары нәтиже көрсете білу қабілетімен танылады.
3. Үй кітапханасы бұрышының болуы
Үй кітапханасы бұрышының виртуалды таныстырылымын және жарнамасын жасау
IV. «Үздік оқырман қызметкер-2026» аталымына қойылатын талаптар:
1. Оқылған кітап саны мен формуляр негізінде бағалау
Қатысушы бастапқыда оқырман формулярын толтырады: оған оқыған кітаптардың атауы, авторы, оқылған уақыты жазылады. Кітап оқылымы бойынша ең жоғарғы нәтиже анықталады.
2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу көрсеткіші
Әр бәйгеге үздіксіз қатысуы және жоғары нәтиже көрсете білу қабілетімен танылады.
3. «Кітап талқы» жобасына белсенді қатысу
Жобаның әр санына белсенді қатысуы, спикер ретінде кітап жарнамасын ұсынуы.
