Жаңа оқу жылының басталуына орай бүгін БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 7-11 сыныптарында “Менің Отаным - Қазақстан”- атты тәрбие сағаттары өтті.
Жаңа оқу жылының басталуына орай бүгін БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 7-11 сыныптарында “Менің Отаным - Қазақстан”- атты тәрбие сағаттары өтті.
Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында 2024-2025 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» атты салтанатты жиын болып өтті.
21 тамыз күні Астана қаласы Назарбаев университетінде “Digital Kazakhstan: заманауи білім беру” тақырыбында өткен педагогтердің жыл сайынғы тамыз кеңесіне мектеп-лицейіміздің информатика пәні мұғалімі Ляззат Асылбекқызы қатысып, республикалық деңгейдегі атаулы іс-шарада барша Тамыз саммитіне қатысушы педагогтердің атынан білім беру жүйесіндегі қызметкерлерге үндеу жасады.
Жүрек тебірентер сәт. Ерекше толқыныс. Бүгін, 2024 жылдың 13 маусымында Салтанат сарайында лицейімізде бақытты балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындаған шәкірттерімізге өмірге жолдама ретінде аттестат табыс ету салтанатты жиыны оздырылды. Салтанатты жиынға мектеп ұстаздары мен ата-аналар және түлектер қатысты.
Бүгін, яғни 12 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында 9-сыныпты бітіруші оқушыларға аттестат табыстау салтанатты шарасы оздырылды.
2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай мектеп педагогтеріне арналған “ІІ Педагогикалық триумф - 2024” жыл қорытындысы кеші өткізілді. Шараға мектеп қызметкерлері, мұғалімдер және «Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жангалиев Ринат Жұмагелдиевич кеш қонағы ретінде қатысты. Аталған шараның өтуіне демеушілік көрсеткен «Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қамқоршылық кеңес» ұйымының мүшелері, ата-аналар Таудаев Асылбек Аманғалиұлы мен Кенесова Гүлсара Борисқызы және «Форте банк» АҚ.
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп лицей интернатында 2024 жылғы мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара өтті.
24.05.24ж Лицейімізде “Білімім - Отаныма” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сонымен қатар, болашақ түлектеріміз “Мен. Мектеп. Ұстаз” тақырыбында өздерінің мектеп қабырғасын аттаған сәттен бастап балалық шақтан болашаққа жасаған қадамдары туралы өз ойларын білдіріп эссе жазды.
Наурыз-мамыр айларында облыстық және республикалық конкурстар мен тақырыптық байқаулардан жетістікке жеткен лицей оқушыларын марапаттау үшін бүгін, 16 мамыр күні мектепішілік саптық жиын өткізілді.