Бүгін мектебімізде тәрбие бөлімімен, химия пәнінің мұғалімі Р.Қ. Қоныспай және биология пәнінің мұғалімі Г.И. Хамитқызының ұйымдастыруымен тамаша экологиялық іс-шара өтті.
11-сынып оқушылары мектеп ауласында қытай раушаны мен петуния гүлдерін отырғызып, оларды өздерінен кейінгі буын – 10-сынып оқушыларына табыстады.
Сонымен қатар, "Түлектер аллеясын" қалыптастырып, мектепке деген риясыз сүйіспеншіліктерін жарқын іспен көрсетті.
Бұл шара – оқушылардың табиғатқа жанашырлығын, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты арттыруға бағытталған.
Бұл игі дәстүрді жыл сайын жалғастыру жоспарлануда.