Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты 2 жыл үзілістен кейін (мектепке қабылдаудың өзгерісіне байланысты) білім сапасының басты көрсеткіші саналатын ҰБТ-да «үздіктер» эстафетасын жалғастырып, межені алдыңғылардың бірі болып кесіп өтті.
22 маусым күні 2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге арналған Жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны оздырылды.
16 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында 9-сынып бітіруші оқушыларға аттестат табыстау рәсімі өткізілді.
Оқушыларымыздын алдыңғы апталардағы жетістіктері
Нугманов Азиз: «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы. «Менің кәсібім - менің бизнесім» бизнес-жоспар жобасын қорғау аталымы бойынша 2-орын
Бүгінде ҰБТ-дан облыс бойынша ең жоғары балл лицейіміздін оқушысына тиесілі. Алияр Жұрмаганбетов шекті 140 балдың 135-ін жинады.
Бүгін мектебімізде 2023 жылғы мектеп түлектеріне арналған «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» салтанатты шарасы өтті.
Мектебіміздің 36 түлегі үшін соғылған соңғы қоңырауға ардагер ұстаз, «Орал қаласының Құрметті азаматы» Сапаров Ерсайын Қадырұлы қатысты.