Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

Тамақтану туралы

Тамақтану мәдениеті  дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Тамақтану режимі мыналарды қамтиды:

  • тамақты қабылдау мезгілдігі;
  • тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс;
  • тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу.

Тағамды белгілі бір реттілікпен ішіп-жеу керек. Әдетке айналған дәстүрді бұзудың қажеті жоқ. Мәселен, түскі асты көбінесе көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған жөн. Көкөністер, әсіресе, оның шикілей желінетіндері  (қызанақ, қияр, орамжапырақ), сұйық тағамдар (сорпа, көже) ас қорытатын шырындардың бөлінуін тездетеді. Сондықтан олар қою тағамның алдынан беріледі.
Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек. Асқазанға әбден ұсақталып түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек тағам жақсы қорытылады, денеге жақсы тарайды.

01

 

Бүгін 24

Кеше 64

Осы аптада 225

Осы айда 1385

Барлығы 16087

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска