Күні кеше аймақ айнасы “AQJAIYQ” телеарнасы мен Облыстық білім басқармасының бірлескен жобасы “Bilim high”, яғни Білім шыңы зияткерлер додасы өткен болатын. “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады” дегендей, өңір мектептеріндегі жоғары сынып арасында өтіп жатқан білім бәйгесінде лицейіміздің шәкірттерінен құралған “Дария” тобы өз білімдерін ортаға салып, жүлделі 3 орынды жеңіп алды.
Мектеп-лицейіміз 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай 2004 жылғы мектеп түлектері атынан Габдолов Нұрболат, Батыров Нұрбек және Дюсекенов Ерлан өздерінің білім мен тәрбие алған мектеп-интернатына теледидар сыйға тартты. Түлектеріміздің игі істеріне мектеп ұжымы мен оқушыларымыздың атынан алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз.
2023 жылдың 11 желтоқсан күні Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты 30 жылдық мерейтойын атап өтті.
Мектеп-лицейінің 30 жылдығына оқушыларға тарту жасалды. «Кенесова Г.Б.» ЖК-і жоғары сынып оқушыларына арналған (10 дана қыз балаларға, 10 дана ұл балаларға) спорттық формасын, жоғары сапалы 7 дана волейбол добын және волейбол торын сыйлады.