«Ұлы Жеңістің жаңғырығы» атты облыстық онлайн марафонының «Жауынгерге хат» номинациясы бойынша, 7а сынып оқушысы Талап Жанерке - 1-орын иеленді. Оқушымызды және жетекшісі Манкишева Айымжан Мендіханқызын шын жүректен құттықтаймыз
«Ұлы Жеңістің жаңғырығы» атты облыстық онлайн марафонының «Жауынгерге хат» номинациясы бойынша, 7а сынып оқушысы Талап Жанерке - 1-орын иеленді. Оқушымызды және жетекшісі Манкишева Айымжан Мендіханқызын шын жүректен құттықтаймыз
Мектебімізде дәстүрлі түрде өтетін «Гүлденген мектеп» гүл отырғызу акциясы өтті. Акцияға 7-9 сынып оқушылары мен ата – аналары қатысты. Акцияның мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, мектептің эстетикаға сай безендірілуіне көмектесу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Оқушылар ата-аналарымен гүл отырғыза отырып, гүлдер туралы маңызды ақпараттар мен бөлісті.
6 мамыр лицейде салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналар арасындағы дәстүрлі III спартакиада оздырылды. Спартакиaдаға 7-10 сынып ата-аналарынан 4 команда қатысып, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс секілді спорт түрлерінен бақ сынасты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт-Кемелұлы Тоқаевтың “Дамудың басты кілті-ғылым” атты бағдарламалық мақалсын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген “Үздік ғылыми жоба авторы” республикалық ғылыми жобалар байқауына “Дарын” номинациясы бойынша оқушымыз Ковальчук Назар қатысып, жеңімпаз атанды. Оқушымызды және жетекшісі Акшиев Шыңғыс Бекжановичті шың жүректен құттықтаймыз!
Жеңіс күні – бұл жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің Рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алатын күн. Мектеп кітапханасы 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінен оқушыларымыз жүлделі оралды.
Жалпы білім беретін пəндер бойынша Республикалық олимпиададан оқушыларымыз жүлделі оралды!
Сәуір айының 10-14 күндер аралығында мектепте «Ақпараттық технологиялар» апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты: информатика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Құттықтаймыз!
"Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз" жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі бойынша І орын иегері атанған, топ жарып жүйрік шыққан, жас ұстазымыз Окасова Аяжан Нұрланқызын құттықтаймыз. Аяжан Нұрланқызы біз сізбен мақтанамыз. Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!