"Шығармашылық және инновация: Жасанды интеллект арқылы ғылыми жобаларды жаңа деңгейге көтеру" тақырыбында әдістемелік семинар өтті

12 қараша күні лицейміздің педагогикалық ұжымымен  "Шығармашылық және инновация: Жасанды интеллект арқылы ғылыми жобаларды жаңа деңгейге көтеру" тақырыбында әдістемелік семинар өтті. 

10 сынып оқушыларына құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында кездесу оздырылды

2024 жылдың 8 қараша күні мектебімізде 10 сынып оқушыларына құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында Абай полиция бөлімінің криминалдық бөлімінің жедел уәкілі Ақкереев Айбек Базарбаевич және кәмелетке толмағандар істер жөніңдегі учаскелік полиция Нұрболат Бейбітовичпен кездесу оздырылды.

ШАХМАТ ТАҚТАСЫ ШАРШЫСЫНДА

Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңінде 9-11 сыныптар арасында "Ақбозат" шахмат ойынынан мектебіміздің командасы ІІІ орынға ие болды.

7-сынып оқушыларының ата-аналарына «Оқу мен тәрбие - егіз» тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы оздырылды

2024 жылдың 6 қараша күні лицейімізде конкурстық іріктеуден өткен 7-сынып оқушыларының ата-аналарына «Оқу мен тәрбие - егіз» тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы оздырылды. 

Мектепке тарту!!!!

Жаңарған спорт залымыздың көрімдігі ретінде ата-ана, жеке кәсіпкер Аскар Серікұлы мектебімізге волейбол доптарын тарту етті. 

Аскар Серікұлы,  Сіздің бұл демеушілігіңіз біздің оқушыларымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, командалық рухты дамытуға және денсаулықтарын нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

«Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен оралды

Оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, әрі дамытуға жол ашу үшін ұйымдастырылған 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының арасындағы Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен қайтты.

ЖОБАЛАР ЖАРЫСЫНАН

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында оздырылған Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне қатысқан 11 сынып оқушысы Аманғали Ақылбек физика секциясы бойынша жүлделі І орынға ие болса (жетекшісі Жасталап Әсел Талғатқызы), математика секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Зинекешова Ясминур ІІІ орынмен марапатталды (жетекшісі Акшиев Шыңғыс Бекжанович). Сондай-ақ, 9 сынып оқушысы Нұрымбетқызы Алинур (жетекшісі Жасталап Әсел Талғатқызы) техника секциясы бойынша ғылыми жобалар байқауына белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 12

Кеше 121

Осы аптада 368

Осы айда 488

Барлығы 69868

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска