Мектеп тарихы

Облыс мектептеріне педагог кадрларды даярлаудың сапасын көтеру мақсатында облыс әкімінің шешімімен1993 жылы 2 тамызда А.С.Пушкинатындағы Орал педагогикалық институты жанынанпедагогикалық лицей болып ашылды.

Облыс елді-мекендерінен 10-сыныпқа оқушылар қабылдаса, кейін 9-сыныптан бастап қабылдау жүргізілді.

1993-2007 жылдар аралығында сол кездегі педагогикалық институт ректоры Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков оқушылардың оқуы мен тұрмысына ыңғайлы институттың қазіргі №8 ғимаратын берді және жоғары оқу орнының бар ғылыми-әдістемелік, материалдық базасын лицей оқушыларына студенттермен бірдей пайдалануына мүмкіндік жасады. Қабілетті де, дарынды оқушылардың сапалы білім алуына, республикадан үздік көрсеткіштерге жетуіне  мектеп мұғалімдерімен қатар институт ғалымдары мен оқытушылары да үлес қосты.

2001 жылы 21 сәуірде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты болып қайта құрылды.

Москва мемлекеттік университеті жанындағы А.Н.Колмогоров атындағы физика-математика мектебімен байланыс-мектептің одан әрі дамуына тиісті ықпал етті. 2001 жылдан бастап 2015 жылға дейін бұл мектепті 18 оқушы бітірді.

150-ден астам түлектер «Болашақ» бағдарламасымен әлемнің Ұлыбритания, Түркия, Шотландия, Қытай, Ресей, АҚШ, Польша, Малайзия, Австралия, Чехия сияқты мемлекеттерінің ең үздік университеттерінде білім алса, мектеп түлектерінің 240-тан астамы «Алтын белгі», 150-ден астамы Үздік аттестат, 300-ден астамы Ерекше куәлік иегерлері  атанды.

2003 жылдан бастап мектеп түлектерінің 100%-ы білім гранттарына ие болды. Мектеп түлектері Республиканың жетекші жоғары оқу орындарында, негізінен, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде, Астана қаласындағы Назарбаев университетінде, Алматы жоғары оқу орындарында, сондай-ақ, Ресей және шетел ЖОО-да білім алды.

Мектеп-лицейі 2007 жылы Сүндетқали Есқалиев көшесіндегі 107 мекен жайында орналасқан ғимаратқа көшірілді. Аталған ғимарат 1971 жылы пайдалануға берілген. Бірінша қабатында әкімшілік кабинеттері, асхана, кітапхана орналасқан. Екінші және төртінші қабаттарда оқу кабинеттері, ал бесінші қабаты толықтай интернат ретінде пайдаланылуда.

2013 жылы 28 наурызда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» коммунальдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

2015 жылы мектеп ғимараты жанынан спорт залы, кабинеттер және акт залы орналасқан қосымша құрылыс жалғанып, пайдалануға берілді.

Жалпы қоғамды цифрландыруға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өңірлерде ақпараттық технологиялар мектептерін ашу жоспарына сәйкес,2018 жылы 19 наурызда «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Осы уақыттан бастап лицейге қабылдау 7-сыныпқа жүргізіледі.

Мектеп-лицейді басқарған директорлар:

Нәсіпқали Дәулетұлы Дәулетов
1993-2017 жж

Самал Жәдігерқызы Шайхиева
2018-2021 жж

Жеңіс Меңдіғалиұлы Шоңбаев
2022 жылдың 31 наурызынан бері

Бүгін 25

Кеше 64

Осы аптада 226

Осы айда 1386

Барлығы 16088

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска