Қыздар тәрбиесі

«Сырғалым» қыздар клубы

Мақсаты: Қыз бала бойына адамгершілікті, имандылық пен ибалылықты, талғамдылықты сіңіру. Қыз бала алдындағы қоғамның, елдің, ұлттың болшағы үшін үлкен жауапкершілік тұрғандығын ұғындыру. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білімді, білікті тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қыз балаларды үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктерді үйрете отырып, икемдеу.

Құндылықтары:

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттерге баулу.

Нәтиже:

Қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай бойжеткен идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару.

Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі

Қазақ халқында қыз баланың орны ерекше. Үкілеп өсіріп отырған қыз баласының барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз – өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен халқымыз өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, қыз баланың мінезінің қалыптасуына да үлес қосқан. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.

Біле білсек, әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі де тәрбиенің негізі болып саналады.

Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қыз баланың жүріс-тұрысынан бастап дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын сездірсе керек. Сондықтан да қазақ қыздарымыз тәрбиелі ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен және рухани тазалығымен ерекшеленеді. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болары хақ.

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады. Халқымызда бала тәрбиесін құрсақтан бастаған асыл аналарымыз болған. Ұлы Абайдың тәрбиешісі болған данагөй әжеміз Зерені қалай ұмытамыз?

«Қызың өссе, қызы жақысымен ауылдас бол», деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретінін айтса керек. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» дегені қыз тәрбиесінің маңыздылығын әрдайым еске салып, ұлт тәрбиесінде иманды да ұлағатты, ізетті де инабатты қыз тәрбиелеудің аса маңызды екенін еске салып тұрғандай.

 

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының «Сырғалым» қыздар клубының жұмыс жоспары 2025-2026 оқу жылы

Мақсаты: Қыз бала бойына адамгершілікті, имандылық пен ибалылықты, талғамдылықты сіңіру. Қыз бала алдындағы қоғамның, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен жауапкершілік тұрғандығын ұғындыру. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білімді, білікті тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қыз балаларды үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктерді үйрете отырып, икемдеу.

Қыздар клубының жетекшісі-Малашова Камшат

Іс-шараның атауы

Сынып

Мерзімі

Форматы

Аяқталу нысаны

Жауапты

1

«Қыздардың эстетикалық талғамы»

7-11

8. 09.2025

Дөңгелек үстел

Әлеуметтік желіге жүктеу

Мектеп дәрігері, медбикесі

ДТІЖО

2

«Сіңіліме сыр»

(«Даналық мектебі» жобасы аясында)

7-8

10.10.2025

Әпкелермен кездесу

Әлеуметтік желіге жүктеу

ДТІЖО

Сынып жетекшілері

қыздар клубы

3

«Қызымның тәрбиесі ұлтымның айнасы ...»

9-11

11.11.2025

Дөңгелек үстел

Әлеуметтік желіге жүктеу

ДТІЖО

Сынып жетекшілері

4

«Қызға қырық үйден тию»

7-11

2.12.2025

Пікірсайыс

Әлеуметтік желіге жүктеу

ДТІЖО

Сынып жетекшілері

6

«Әжемнің әңгімесі»

(«Даналық мектебі» жобасы аясында)

7-9

13.01.2026

Дөңгелек үстел

Әлеуметтік желіге жүктеу

ДТІЖО, сынып жетекшілері

қыздар клубы

7

«Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»

7-11

16.02.2026

Аналардың кеңесін тыңдау сағаты

Әлеуметтік желіге жүктеу

Педагог ұйымдастырушы

ДТІЖО

Сынып жетекшілері

қыздар клубы

8

«Ана - өмір, ана - гүл»

(«Даналық мектебі» жобасы аясында)

7-8

02-06.03.

2026

Аналар форумы

Әлеуметтік желіге жүктеу

ДТІЖО

мектептің өзін-өзі басқару ұйымы, педагог-ұйымдастырушы

қыздар клубы

9

«Сырғалым, сырласым» («Даналық мектебі» жобасы аясында)

9-10

17.04.2026

Жеңгелер сағаты

Әлеуметтік желіге жүктеу

Педагог ұйымдастырушы

ДТІЖО

Сынып жетекшілері

қыздар клубы

10

«Шеберлікке шек жоқ»

(«Даналық мектебі» жобасы аясында)

7-9

11.05.2026

Аналармен шеберлік сағаты

Әлеуметтік желіге жүктеу

ДТІЖО

Сынып жетекшілері

қыздар клубы

11

«Жазғы демалыс кезіндегі бала қауіпсіздігі»

7-11

20.05.2026

Жаднама тарату

Кеңес беру

Әлеуметтік желіге жүктеу

қыздар клубы мүшелері

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 30

Кеше 98

Осы аптада 447

Осы айда 1420

Барлығы 55646

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска