Құттықтаймыз!

11-19 ақпан  күндері арасында өткізіліп жатқан "Сапалы білім сапалы сабақтан" ашық сабақтар шеруі облыстық байқауында I орынға ие болған мектеп-лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Сапарова Зухра Тельманқызын шын жүректен құттықтаймыз!

«Кітап оқу бәйгесі» жарысы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп ұжымы мен ата-аналарына арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы жалғасын табады.

Уақыты: 10-18 ақпан

Жоба шарттары төмендегідей:

Лицейіміздің оқушылары қаламыздағы “Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына” барды

30 қаңтар күні лицейіміздің оқушылары қаламыздағы “Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына” барып, “Өмірдің асыл қазынасы” атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Бұл игі шара жастардың үлкендерге деген құрметін арттырып, мейірімділік пен жанашырлық секілді адами қасиеттерін дамытуға бағытталған.

“ЗЕРДЕ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ КОНКУРСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасында “Зерде” Республикалық зерттеу жобалары конкурсында Химия секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Исатаева Гульбахар жүлделі 2-орын иеленді!

“Сән мен ұқыптылық: шаш жинаудың мәдениеті“ тақырыбында жиналыс өткізілді

Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп - лицей - интернатында 7-11 сынып оқушы қыздарына “Сән мен ұқыптылық: шаш жинаудың мәдениеті“ тақырыбында жиналыс өткізілді.

Бокс үйірмесі ашылды

Қаңтар айында мектебімізде 7-11 сынып оқушылары үшін бокс үйірмесі ашылды. Үйірме оқушылардың спорттық қабілеттерін дамытуға, физикалық дайындықтарын жақсартуға және өзін-өзі қорғау дағдыларын үйренуге бағытталған. Жаттығу тәжірибелі жаттықтырушы Мулдашев Сағындық Еркінұлының жетекшілігімен өткізіледі. Үйірмеге қатысу оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың тәртіптілігі мен мақсатқа ұмтылушылық қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 25

Кеше 121

Осы аптада 381

Осы айда 501

Барлығы 69881

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска