Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылармен тәрбиеленушілердің оқу іс әрекетінің оқу мотивациясын,үлгерімін, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын,психологиялық жағдайын тұрақтандыруды бейіндік өзін- өзі анықтауды және басқада қолайлы жағдайларын қалыптастыру.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау және диагностикалау
- білім беру ортасы жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдау;
- білім алушылардың педагогтардың, ата-аналардың психологиялық әл-ауқатын сақтау және нығайту
Психолог жұмысының 5 бағыты:
Диагностикалық білім алушылардың ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерделеу
Консультациялық білім беру үрдісінің қатысушыларына кеңестер беру
Психологиялық-педагогикалық білім алушылар мен педагогтердін кәсіби өсуіне, өзін-өзі анықтауына көмектесу
Дамыту( коррекциялық) білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жаңа білімге, дағдыларға және қабілеттерге қатысты мотивацияны калыптастыру, оларды игеру мүмкіндіктері, оқу және танымдық қызметте өзін өзі көрсете алу бойынша жұмыстар
Ұйымдастыру-әдістемелік психологиялық қызмет жұмысын мониторингілеу және талдау, көрнекі материалдарды дайындау