Тәрбие жұмысы бағыттары
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – мектептің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен әзірленген «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы еліміздің білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүйелі түрде іске асыруға негіз болуда.
Біздің мектебімізде де бұл бағдарлама аясында жан-жақты тәрбиелік іс-шаралар, жобалар мен бағыттар жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама жасөспірімдердің имандылықты, әділдікті, еңбексүйгіштікті, отансүйгіштікті, құқықтық сауаттылықты бойына сіңіруді көздейді. Сондай-ақ оқушыларды елжанды, адал, парасатты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.
«Адал азамат» бағдарламасы – болашақтың іргесін адалдықпен қалап, елін сүйетін, жауапкершілікті жете түсінетін, зерделі де зияткер ұрпақ тәрбиелеудің нақты жолы.
Мектеп ұжымы бұл бағдарлама арқылы оқушылардың бойында өмірлік маңызы бар құндылықтарды қалыптастыруға, тұлғалық дамуына және саналы азамат ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігінің Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірінің 30.04.2024 жылғы №194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 26.05.2025 жылғы №123 бұйрығы
- «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» ҚР БҒМ 12.01.2016 ж. №18 бұйрығы
- «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығы
- «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 4.05.2020 ж. №175 бұйрығы
- «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 ж. № ҚР ДСМ-76 бұйрығы
- «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық - педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №6 бұйрығы
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі
- «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысы
- «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламат - тығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 31.08. 2023 ж. № 748 қаулысы
- «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 25.05.2021 ж. № 235 бұйрығы
- «2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘНХ
Тәрбие жұмысының басты бағыттары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделеді.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының атауын «Адал азамат» деп өзгерту туралы шешім қабылдады. (бұдан әрі – Бағдарлама). Бағдарлама бұған дейін іске асырылған бастаманың толыққанды жалғасы болып табылады. Бағдарламаның түпкі мақсаты «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
- Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
- Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
- адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
- табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
- Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
- елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
- отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
- өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
- әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
- Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
- басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
- өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
- еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
- біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
- әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
- білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
- отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
Бағдарламаның мазмұны:
- Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
- Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
- Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
- Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
- Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
- Қаңтар – заң және тәртіп айы;
- Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
- Наурыз –тәуелсіздік және отаншылдық айы;
- Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
- Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:
Күнделікті:
- «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
- «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
- «Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру.
- «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату.
Апта сайын:
- «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
- Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, тақталарда және т.б. орналастырылады.
- «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.
Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:
- Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;
- Буллингтен қорған!
- Ойынға салауатты көзқарас;
- Өмірге салауатты қадам;
- Қоғамдық мүлікті қорға!
- Қауіпсіз қоғам.
Тәрбие жұмысының негізгі әлеуметтік жобалары:
- «Қамқор» - әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.
- «Еңбегі адал – жас өрен» - білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
- «Smart bala» - инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
- «Шабыт» - білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
- «Ұшқыр ой алаңы» - тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
- «Балалар кітапханасы» - кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру
Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым
түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Жалпы орта мектеп түлегі:
халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;
ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;
мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;
мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;
отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;
Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің егемендігі мен қадір-қасиетін дәлелді түрде қорғай білу.
Құндылық: бірлік және ынтымақ
Құзыреттілік: тиімді коммуникация
Жалпы орта мектеп түлегі:
әлеуметтік, іскерлік және ресми контексте жалпы және ұлттық этикет нормаларын қолдану;
ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді
жауапкершілікпен орындау;
басқа адамның сезімін және эмоционалды жай-күйін түсіну;
қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған
іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау;
мектептегі және мектептен тыс іс-шаралар мен волонтерлік қызметте басқаларға көмектесуге және
қоғамдық пайдалы істерге қатысуға дайын болу.
Құндылық: әділдік және жауапкершілік
Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Жалпы орта мектеп түлегі:
нәсіліне, жынысына, жасына, дініне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты кемсітусіз барлық адамдар
үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа ала білу;
әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және
қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;
қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын ұтымды және ұқыпты қолдану;
белгіленген стандарттардың, нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және оған сәйкес әрекет ету;
тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.
Құндылық: заң және тәртіп
Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық
Жалпы орта мектеп түлегі:
өз ойларын, эмоцияларын және мінез-құлқын бақылау, қоғамдық игілік мүддесі үшін күнделікті
жағдайларда белгіленген ережелер мен рәсімдерді, үйлесімді әлеуметтік қатынастарды сақтау;
моральдық принциптер мен нормаларды және оқу - танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлықты ұстану;
тұрақты даму принциптерін өмір салтына айналдыру, баламалы энергия көздерін пайдалану, табиғи
ресурстарды үнемді тұтыну;
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Құзыреттілік: инновациялық ойлау
Жалпы орта мектеп түлегі:
тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен
әдістер туралы білімінің болуы;
өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;
нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу;
еңбек әдебі мен сапа стандарттарын түсіну;
дамуға және оқуға үнемі ұмтылу.
Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық
Құзыреттілік: шығармашылық
Жалпы орта мектеп түлегі:
зерттеу жүргізу және ғылыми тәсілді қолдану қабілеті;
ақпаратты талдау және бағалау;
жаңа идеяларды ұсыну;
заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;
мақсаттарға жету үшін бастаманы ұсыну, жаңа мүмкіндіктер іздеу және идеяларды іске асыру
барысында ресурстарды тиімді пайдалану.