?? *Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша аймақтық олимпиада* ??

Бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті. ??Оған қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша барлығы 45 оқушы қатысты. 

Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша аймақтық олимпиада

Бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті. 
Олимпиадаға қатысқан 55  оқушы өз білімдерін сынады.  Ең үздік көрсеткіш көрсеткен оқушыларымыз облыстық кезеңге өту мүмкіндігіне ие болды.

"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы

2024 жылдың қараша айының соңғы аптасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектепте баскетбол мен волейболдан спорттық жарыстар өткізілді. Жарыстарға 7-11 сынып оқушылары қатысты, олар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды.

«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара оздырылды

2024 жылдың 28-қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырмандарымыздың қызықты, әрі сүйікті жобасы «ReadX» форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды. Аталмыш шара мақсаты, мектебімізге жаңадан келген 7-сынып оқушыларына кітапханада ұйымдастырылатын іс-шаралардың бағыт-бағдарын көрсетіп, кітап оқуға бағыттау. Осы мақсат негізінде, 8-9 сынып оқушылары оқыған кітаптарын ортаға салып, ой бөлісті.

“Жол ережесін сақтайық!” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізілді

2024 жылдың 26-қараша күні мектебімізде оқушылардың жолда жүру ережесі бойынша білімдерін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге, үйрету және жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білудің адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру мақсатында патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторы, Полиция лейтенанты Мақсот Марс Бекболатұлы және Полиция аға лейтенанты Тілекқабылов Мейіржан Бақытжанұлы “Жол ережесін сақтайық!” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша саптық жиын өткізілді

Бүгін біздің мектеп-лицейімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша саптық жиын өткізілді.

«Мамандық таңдау – өмірлік жолды таңдау» тақырыбында жиналыс өтті

2024 жылдың 22 қарашасы күні «Мамандық таңдау – өмірлік жолды таңдау» тақырыбында мектептің кәсіптік бағдар беруші маманы ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған жиналыс өтті.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 79

Кеше 53

Осы аптада 666

Осы айда 1970

Барлығы 59801

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска