2024 жылдың 24 желтоқсан күні лицейіміздің оқу озаты, көп балалы отбасынан шыққан 7 "б" сынып оқушысы Калесова Альбина "Президент шыршасына" қатысып келді. Жаңа жылдық салтанатты шарада облыс әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.