Бүгін біздің мектебімізде «Жаратылыстану кемесі: теңізден ғылымға» апталығының ашылу рәсімі өтті!
Лицейіміздің әлеуметтік педагогі Фариза Ерланқызы Бекетова Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырған «Үздік әлеуметтік педагог» облыстық байқауында «Кәсіби шебер әлеуметтік педагог» атанып, облыстық деңгейде үздік деп танылды.
Лицейіміздің жас маманы, математика пәнінің мұғалімі ШЫНБОЛАТОВА АЙЗАДА АБЗАЛҚЫЗЫ «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» VII Республикалық жас педагогтер байқауында үздік бестіктен көрініп, Оқу-ағарту министрлігінің грамотасымен марапатталды!
2025 жылғы 16-20 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен «Fibonacci Robot Olympiad Eurasia» халықаралық робототехника олимпиадасының финалдық кезеңіне лицейіміздің оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
2025 жылдың 16 сәуір күні лицейімізде “Бірге аттаған қадам – бала болашағы үшін” атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты – оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы әдеттерді насихаттау болды.
2025 жылдың 11 сәуір күні Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығында өткен Жұмысшы мамандықтар жылына арналған облыстық компьютерлік сурет байқауынан Беляк Элана -1 дәрежелі диплом Кабиева Аружан - “Графикалық бағдарламаларды жақсы пайдалану үшін” номинациясына ие болды. Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Мухамбеткалиев Ораз Жалғасұлы.