Мектеп ұжымының рухани-танымдық бағыттағы жұмысы аясында «Кітап талқы алаңы» жобасының кезекті кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында жазушы Торғын Жолдасбекқызының «Сөз» шығармасы кеңінен талқыланды.
Талқылау кезінде шығармадағы тарихи кезең көріністері, кейіпкерлер тағдыры мен өмірдің күрделі сәттері туралы ой-пікірлер айтылды. Қатысушылар туындының мазмұнына тоқталып, өз әсерлерімен бөлісті.
Бас қосу ұжым мүшелерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.