Лицейдің 2025 жылғы түлегі Маратова Мейрим Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасына қабылданғанын қуанышпен хабарлаймыз!

Назарбаев Университеті — Қазақстандағы халықаралық стандарттар мен инновацияларды ұстанатын жетекші оқу орны. Мұнда жас таланттар әлемдік деңгейдегі білім мен зерттеу инфрақұрылымымен қамтамасыз етіліп, болашақ көшбасшыға айналуға дайындалады.

Лицейдің 2025 жылғы түлегі Қоныс Назым Назарбаев Университетіне қабылданды!

Лицейіміздің 2025 жылғы түлегі Қоныс Назым Қазақстанның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Назарбаев Университетіне оқуға қабылданды. Назарбаев Университеті — халықаралық стандарттарға сай білім беретін, ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталған жетекші оқу орны.

Наурызбай Малика ҰБТ-де 135 ұпай жинап, облыс бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді!

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия-биология бағытының оқушысы Наурызбай Малика ҰБТ-де 135 ұпай жинап, облыс бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді!

“ІІІ Педагогикалық триумф - 2025” жыл қорытындысы кеші өткізілді

2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай мектеп педагогтеріне арналған  “ІІІ Педагогикалық триумф - 2025” жыл қорытындысы кеші өткізілді. Шараға мектеп қызметкерлері, мұғалімдер қатысты. Аталған шараның өтуіне демеушілік көрсеткен «Банк ЦентрКредит» АҚ.

«Мектебім, саған мың алғыс!» — 2025 жылғы мектеп түлектеріне арналған салтанатты кеш өтті

2025 жылдың көктемінде еліміздің әр түкпіріндегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, жас түлектер үлкен өмірге жолдама алуда. Солардың қатарында біздің лицейіміздің 41 түлегі де алтын ұямен қоштасып, жаңа белестерге қадам басып отыр. Осыған орай, оқу ордамызда «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Тамаша экологиялық іс-шара өтті

Бүгін мектебімізде тәрбие бөлімімен, химия пәнінің мұғалімі Р.Қ. Қоныспай және биология пәнінің мұғалімі Г.И. Хамитқызының ұйымдастыруымен тамаша экологиялық іс-шара өтті.

Бүгін 2

Кеше 108

Осы аптада 134

Осы айда 260

Барлығы 35512

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска